Shqip
Albanian
العربية
Arabic
Հայերեն
Armenian
Беларуская
Belarussian
বাংলা
Bengali
Български
Bulgarian
简体中文
Chinese (simplified)
正體
Chinese (traditional)
Hrvatski
Croatian
Čeština
Czech
Nederlands
Dutch
English
English
Eesti
Estonian
Français
French
ქართული
Georgian
Deutsch
German
Ελληνικά
Greek
עברית
Hebrew
हिंदी
Hindi (Indian)
Magyar
Hungarian
Indonesia
Indonesian
Italiano
Italian
日本語
Japanese
Қазақ
Kazakh
Кыргызча
Kyrgyz
Latviešu
Latvian
Lietuviškai
Lithuanian
Монгол
Mongolian
فارسی
Persian
Polski
Polish
Português
Portuguese
Română
Romanian
Русский
Russian
Slovenčina
Slovak
한국어
South Korean
Español
Spanish
Svenska
Swedish
Türkçe
Turkish
Українська
Ukrainian
O‘zbekcha
Uzbek
Tiếng Việt
Vietnamese
Күн сайын таңертең мөлдіреген көгілдір судың бетінде жіңішке де мықты сабақты тамаша лотос гүлдердері жайқалып, бір-біріне және бүкіл Әлемге құшақ жая сәлем береді.
Олардың әрқайсысы қайталанбастай ерекше және керемет. Лотостар ак, кызғылт, сары, тіпті алқызыл және көгілдір. Сиқырлы Көл өз суының бетіне олардың сәулесін емін еркін түсіруде.
Бір күні көлде таңғажайып оқиға болады...
«Қымбатты менің балаларым! Міне, сендер ересек болдыңдар. Жолға шығуға уақыт келді. Сендерді күрделі де және қауіпті саяхат күтіп тұр. Саяхат соңында әрқайсыларың біздің әлемдегі кереметтердің бірі боласыңдар. Бірақ жолдың бәрін жүріп өтіп, үйге бәрі орала алмайды. Мені бәрің мұқият тыңдаңыздар. Менің айтайын деген кеңесім, ұрпақтан- ұрпаққа беріліп келеді».
Лотос-тұқымдары Үлкен Лотос сөздерін демін іштеріне жұта тыңдады.
Ол Ежелгі құпия кітаптағы Үш Қазына мыналар
ШЫНДЫҚ
МЕЙІРІМДІЛІК
ШЫДАМДЫЛЫҚ
Соңында ол: «Мен сендердің әр қайсыларыңа сенемін және үйде сендерді Сиқырлы Көлдің бетінде күтемін».
Тұқым тереңдей түскен сайын, су да лайланып, балшыққа араласты. «Ой, ой, ой! Бұл жерде ештеңе көрінбейді!» - деп Тұқым айқай салды. Бірақ ол құлап, төменге балшыққа тереңдей түсті. Тұқым қорқыныштан көзін жұмып алды.
Көп ұзамай Тұқым, денесі тікенектерге толы алып қолтырауын тәрізді тіршілік иесіне ұқсас нәрсені көре бастайды. Бұл құбыжықтың арқасында оның есімі жазылып тұрғанмен, бірақ оны қараңғыда оқи алмайтындай еді.
«Кішкене Тұқым, мен сені күттім, бұл жерде сені жаңа өмір күтіп тұр, саған мен құнды кеңестер беруге дайынмын.
Қорққан кішкене Тұқым ойланып: «Мүмкін солай ету керек шығар? Болмаса мынандай ұсқынсыз жерде тірі қалу мүмкін емес. Бірақ Тұқым Үлкен Лотостың айтқан сөзін еске түсіреді де, ойланады: «Егер мен бұл құбыжық тіршілік иесінің кеңесіне құлақ ассам, мен бұл лас жерде мәңгі қалып, қорқынышта боламын».
Егер Тұқым ең болмаса үлкен гүлдің ілімінің біреуін қабылдаса, қолтырауын оның бір бөлшегін тістеп алар еді: бұл дүниеде ешнәрсе ақысыз болмайды, тіпті тегін кеңес бермейді емес пе. Егер Кішкентай Тұқым кұбыжықты толық тыңдаған болса, үйге орала алмай, Сиқырлы көлдің үстiндегi әдемi гүлге айналу мүмкiн емес еді.
«Кез-келген оқыс жағдайдан шығудың жолы бар! Кез-келген жағдайдан шығудың жолы бар!» - деп кайталады Кішкентай Тұқым.
Кенеттен ол Қазынаны есіне түсірді.
ШЫНДЫҚ
МЕЙІРІМДІЛІК
ШЫДАМДЫЛЫҚ
Осы сәтте керемет, таңғажайып өзгеріс болды. Кішкене Тұқым жағымсыз кеңестерден бас тартқан кезде, оны айналасын түрлі түсті кемпірқосақ сәулелері орап алды. Ал, МЕЙІРІМДІЛІК , жарық жұлдыздай айналасын жарқыратты. Тұқым құбыжықтың үстіндегі жазуды оқып үлгерді.
Оның есімі: «Зұлымдық» екен.
Қуатты бір күш, алып тербеткіштен кішкене сәби-Тұқымды жоғары лақтырып жіберді.
Бұл жерде аз да болса жарық түсіп, тыныс алу жеңілдей берді.
Тұқым жан-жағына қарап: «Алақай! Менде екі күлтеше пайда болды. Мен нағыз гүлге айнала бастадым!» деп қуанды.
Бірақ қуануға әлі ерте еді...
Тұқым ойламаған нәрселерді айтқан тіршілік иесіне көзін айқара ашып таң қалды. Бұл ереже Сиқырлы Көлдің бетіндегі Үлкен Лотостың оқытқанынан әлде қайда айырмашылығы бар еді.
Ол тек бақаның үстіндегі сөзді оқып үлгерді — «Өтірік».
Сөйтіп біздің саяхатшымыз, барлық алты күлтешесін қуана желпіген Бұлыңғыр Әлемде тағы қалды. Ия, солай енді олар үш есе көп еді! Әрбір жеңістен соң Тұқым өсіп және қатая түсті. Жоғары жақта Күн жарық беріп, оның сәулелері әрең бізге қарай жетіп тұрды.
Бірақ сынақтар әлі аяқталған жоқ...
Біріншіден, егер ешнәрсе жасағың келмесе жасама — оқымай, талпынбай, кез-келген қиыншылықтың алдын орағытып кетуге болады.
Екіншіден, бізге достардың қажеті жоқ, әйтпесе олардың көңілсіз күйлеріне төтеп беріп, қиын сәттерде көмектесуге тура келеді.
Кшкентай Тұқым: «Әрине, бұл әрдайым бос, жұмыссыз жүру, күш жұмсамау әрине, жеңіл болғанымен ештеңе біліп, ештеңе үйрене алмайсың, бұл қызық емес, деп ойлады. Және жалғыздықтан әрдайым жалығасың — бұл жиркенішті. Жоқ, Жоқ, жоқ! Бұл ұсқынсыз, бұлыңғыр әлемнен сытылып шығу үшін менде барлық мүмкіндік бар».
Кішкентай Лотос дұрыс айтады — Yшiншi Қазына көмекке келуге әрқашан дайын. Оның жүрегінде ШЫДАМДЫЛЫҚ жұлдызы тез өсіп, інжу шуағы айналасына сәуле шашпай тұрғанда, кішкене гүлді жаймен жоғары көтерді.
Жарық Әлемде жүріп өту оңай және жағымды еді. Өйткені нәзік Күн шуағы жан-жақты қыздырып, алтын сәулесімен жарқырата түсті.
Су мен ауаның арасындағы шекара өтті. Кешегі Тұқым, Жасөспірім Лотос Сиқырлы Көлдің бетіне шықты.
Yлкен Лотос: «Ендi сен күштi және әдемi болдың. Біздің Әлемдегі тіршілік иелерін өз күшіңмен өзіңді де басқаларды да қолдап, нағыз сұлулығыңмен қуаныш сыйлай аласың!»
Жасөспірім Лотос судағы өз көлеңкесіне қарап... күлтелері жарқыраған ғажайып гүлді көрді.
Судың айналасынан жаңа лотос гүлдері бірінен соң бірі өсіп шыға бастады. Олардың әр қайсысы өз жолдарымен жүріп өтіп, өздерінің қайталанбас сұлулықтарын паш етті. Егер мұқият қарап отырсаң, барлық гүлдер саған үмітпен қарап тұрып:
СЕН ӨЗ жолыңды жақсы жүріп өт!